387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда судың сапасы қалай бақыланады?

  • 135
  • UPD: 11:25, 09.09.2019

Германия әлемдегі ең таза ауыз суы бар елдердің ішінде алдыңғы орында тұр. Елдің кез келген қаласында тұрғындар суды краннан алып іше береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық арасында жүргізілген сауалнама бойынша судың тазалағына халықтың мін тақпайтыны анықталды.

Германия ауыз судың сапасына ерекше мән береді. Оған мемлекеттік коммуналды кәсіпорындар жауапты. Су құбырларын тексеру, оның техникалық жағдайын бақылау да жоғары деңгейде жүзеге асырылады. Тұтас Германия бойынша заманауи тазалау қондырғылары орнатылған. Сондықтан су сапасына күмән келтірмейтін тұрғындар үйде де, жұмыста да суды емін-еркін краннан алып пайдалана береді. 4 млн тұрғыны бар Берлиннің өзінде 9 су құбыр станциясы орналасқан. Олар толығымен автоматтырылған. Егер судың сапасы стандартқа сай келмесе, «ақылды» жүйе оны дер кезінде анықтап, мамандарға хабардар етеді.

Штефан Натц, Берлиндегі сумен жабдықтау желілерінің баспасөз хатшысы:

Германияда судың сапасы өте қатаң бақылауда. Егер талапқа сай келмесе, жүйе бірден сигнал береді. Бұндай жағдайда су сынамасы алынып, зертханада тексеріледі. Алайды соңғы 20 жылдың ішінде бұндай жағдайдың тіркелгені есімде жоқ. Тек осыдан 7 жыл бұрын қатты жауын-шашынның салдарынан су ұңғымаға жеткен еді. Ол кезде жергілікті билік «суды қолданудың алдында қайнатып алу керек» деп халықты ескерткен болатын.

Германияда судың 70%-і жерасты суы мен артезиан көзінен алады. Тұтынушыға жетер алдында түрлі тазарту жұмыстары мен тексеруден өтеді. 90-жылдардан бері хлор мен басқа да химикаттар қолданылмайды.

Дёрте Альберс, Берлин қ. су айдау станциясының қызметкері:

Берлинде 100% жерасты суы қолданылады. Ұңғыманың тереңдігі 30 метрден 170 метрге дейін жетеді. Онда бактерия мен микроағзалар болмайды. Қазір тазарту жұмысының бір ғана тәсілін көріп тұрмыз. Судың құрамында темір көп болғандықтан оны оттекпен қанықтырамыз. Әдетте ұңғымадан сағатына 3 мың кубометр су тартылады. Ал, су сорғылары күні-түні тоқтаусыз жұмыс істейді.

Бұған қарамастан ел тұрғындары жиі бөтелкедегі суды сатып алады. Ондай судың Германияда 800-ден астам түрі бар. Десе де, сарапшылардың айтуынша, Германияның кез келген жерінде де судың сапасы бірдей жоғары деңгейде.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

 

Хабар 24 телеарнасы