385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде неміс спортшысы хайлайн бойынша жаңа рекорд орнатты

  • 131
  • UPD: 10:27, 09.09.2019
Мәскеуде неміс спортшысы хайлайн бойынша жаңа рекорд орнатты mos.ru

Мәскеуде хайлайн немесе биікке тартылған арқанмен жүруден жаңа әлемдік рекорд орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай жетістікке Германиядан келген экстремал спортшы Фриди Кюне қол жеткізді. Ол «Москва-сити» кешенінде биіктігі 350 метр болатын екі мұнараның арасымен жүріп өтті. Шара шаһардың 872 жылдық мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылды.

Айта кетейік, хайлайн бойынша алдыңғы рекордты 2016 жылы Мехико қаласында Александр Щульц есімді неміс спортшысы орнатқан еді. Ол кезде Щульц 247 метр биікті бағындырған.

Хабар 24 телеарнасы