389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясының ашылуына бір апта қалды

  • 217
  • UPD: 10:36, 09.09.2019
БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясының ашылуына бір апта қалды

17 қыркүйек күні БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы ашылады. Форумға ұйымға мүше 193 мемлекеттің делегациялары қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл әлемдік маңызды шараның шеңберінде Климаттың өзгеруімен күрес бойынша саммит, Тұрақты дамуға қатысты саяси форум сынды көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған. Оларға әдетте үкіметтік емес ұйымдардың делегациялары да қатысады. Осындай бірлестіктің өкілі, БҰҰ хатшылығының бітімгерлік операциялары жөніндегі бөлімінің бұрынғы басшысы Рауф Кедер біздің телеарнаға берген сұхбатында Қазақстан әлемде бейбітшілік орталығына айналғанын жеткізді.

Рауф Кедер, үкіметтік емес ұйымның өкілі:

- Қазақстанның бейбіт сыртқы саясаты БҰҰ мақсаттарымен толық үйлеседі. Сіздің мемлекет Сирия дағдарысын шешу үшін көп еңбек сіңірді. Жауласушы тараптардың басын бірнеше рет қосты. Нұр-Сұлтанда Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция делегациясының кездесуі үлкен жетістік. Араб елдері жиі жауласады, бірақ сирек ауызбіршілік танытады. Сондықтан қақтығыс аймағынан алыста жатқан Қазақстанның бастамалары жоғары бағаға ие. Олар әлемдік бейбітшілік үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы