389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте шерушілер тағы көшеге шығып, полициямен қақтығысты

  • 147
  • UPD: 10:53, 09.09.2019
Гонконгте шерушілер тағы көшеге шығып, полициямен қақтығысты ria.ru

Гонконгте билікке қарсы наразылық шерулері басылмай тұр. Жүздеген адам тағы көшеге шығып, полициямен қақтығыстар болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Козуэй-Бэй ауданында тәртіп сақшылары шерушілерді тарату үшін көзді жасаурататын газ қолданды. Ал Вань Чай ауданында акцияны ұйымдастырушылар жолға бөгеттер қойып, көлік қозғалысы тұралап қалды.

Еске сала кетейік, Гонконгте толқулар сәуір айынан бері жалғасып келеді. Оған жергілікті үкіметтің парламентке қылмыскерлерді экстрадициялау туралы заңды ұсынуы себеп. Өткен аптада аймақ басшысы Кэрри Лэм оны кері қайтарып алатынын мәлімдеді. Алайда шерушілер билікке енді 5 талап қойып отыр. Оның ішінде полицияның күш қолдануының заңдылығын тергеу бар.

Хабар 24 телеарнасы