387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияның Аргинегин портына табан тіреген 30 мигрант құтқарылды

  • 105
  • UPD: 12:18, 09.09.2019
Испанияның Аргинегин портына табан тіреген 30 мигрант құтқарылды

Гран-Канарияның Аргинегин портына 30-дан астам заңсыз мигрант табан тіреді.

Құтқару қызметінің өкілдері апатқа ұшыраған қайықты аралдан 60 шақырым жерде байқап қалған. Қайық бортында бала мен жүкті әйел болды. Олардың барлығына дәрігерлердің көмегі көрсетілді.

Айта кетейік, таяуда ғана Солтүстік Африкадан шыққан 200-ге жуық мигрант Испанияға өтпек болып, тәртіп сақшыларының қолына түскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы