389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкада діни фестиваль кезінде пілдер адамдарға шабуылдады

  • 238
  • UPD: 14:01, 09.09.2019
Шри-Ланкада діни фестиваль кезінде пілдер адамдарға шабуылдады

Шри-Ланканың Котте қаласында өткен діни фестиваль кезінде екі піл адамдарға шабуылдап, жолында тұрғандарды басып өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиғадан 17 адам зардап шекті. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Мамандардың айтуынша, науқастардың ішінде ауыр халде жатқандар да бар.

Айта кетейік, демалыс күндері Шри-Ланкада діни мереке басталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы