386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде бейбіт түрде басталған акция тәртіпсіздікке ұласты

  • 126
  • UPD: 14:08, 09.09.2019
Чилиде бейбіт түрде басталған акция тәртіпсіздікке ұласты

Чили астанасы Сантьягода халықтың наразылық маршы өтті.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мыңдаған тұрғын диктатор Аугусто Пиночеттың кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін шаһар көшелеріне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданған. Акция полициямен қақтығысқа ұласты. Салдарынан бірнеше белсенді қамауға алынды.

Естеріңізге салайық, Аугусто Пиночет Чилиді 17 жыл бойы басқарған. Осы уақыт аралығында 3 мыңнан астам адам көз жұмды. Олардың ішінде із-түзсіз жоғалғандар да бар. Тағы 28 мың адам азапқа салынған.

Хабар 24 телеарнасы