389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия халқы туған жерінің табиғатын аялауға әрқашан дайын

  • 224
  • UPD: 23:27, 09.09.2019

Германия тұрғындары электр көліктерін жиі сатып алатын болды. Кәдімгі темір тұлпарлардан әлі де қымбат болғанымен немістер қоршаған ортаны қорғау үшін қосымша ақшасын жұмсауға дайын.

Биыл жарты жылда елде 30 мыңнан астам электр көлігі сатылған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 80% артық. Сауалнама нәтижелеріне қарағанда, халықтың үштен бірі алдағы 10 жылда экология жағынан таза автокөлік сатып алмақ. Үкімет 2030-жылға дейін электр көліктері санын 7 миллионға жеткізуді көздеп отыр. Осы мақсатта азаматтарға субсидия бөлу бағдарламасы жасалған. Мысалға, электр көлігін сатып алушыға 4 мың еуро мөлшеріне шегерім және салық жеңілдіктері беріледі. 

Симоне Петер, жаңғыртылатын энергия бойынша федералдық кеңес президенті:

- Автокөлік өндірісі қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуы тиіс. Германияның автоконцерндері экологиялық көлікке көбірек көңіл бөле бастағанына өте ризамыз. Сондай-ақ, электркөліктері көмір электр стансаларынан емес, таза энергия көздерінен қуаттану керектігін ұмытпағанымыз жөн. Әйтпесе, мұның мәнісі болмайды. Сол себептен жаңғыртылатын энергетиканы жүйелі түрді дамыту қажет.

Хабар 24 телеарнасы