386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде жемқорлармен күрес күшейді

  • 121
  • UPD: 11:40, 10.09.2019

Израиль билігі парақорлардың шені мен лауазымына қарамай жазалауға кірісті.

Тіпті кезінде пара алған премьер-министрдің өзі темір торға тағытылды.

Израильде сыбайлас жемқорлық жоқ дейтіндер қателеседі. Бұл елде мұндай заң бұзушылықпен күрес күшті, ал жаза қатаң. Бармақ басты, көз қыстылыққа барған шенеунік бірден түрмеге қамалады.

Александр Гамбарян, заңгер:

– Израильде сыбайлас жемқорлар негізінен пара алу мен қоғамның сенімін бұзғаны үшін сотталады. Мысалы, адам ақша алған кезде ұсталмағанымен, оның мемлекетке, яғни қоғамның сеніміне нұқсан келтіргенін дәлелдеуге болады. 

Бірінші бапқа заң қатаң. Пара алып қолға түскен адам бірден түрмеге қамалады. Ал қоғам сеніміне нұқсан келтірген тұлға абақтыға жабылмағанымен, қызметінен босатылады. Заңды бұзып, темір торға түскен министрлер, мэрлер, генералдар бар. Бұрынғы үкімет басшысы Эхуд Ольмерт пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір полицияда жоғары лауазымды тұлғалардың қылмысымен айналысатын арнайы бөлім бар. Бірақ израильдіктердің басты мақтанышы - тәуелсіз сот.

Александр Гамбарян, заңгер:

– Израильде соттың пара алуы ешқашан болған емес. Бұл өте маңызды. Себебі сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігі қазылар мен прокурорлардың сатылмай, заң жүйесінің жақсы жұмыс істеуіне байланысты.

Кезінде үкіметті басқарған Эхуд Ольмерттің куәгерлерге қысым жасауға талпынғаны үшін жазасы қатаңдатылған. Қазір Израиль полициясы мен прокуратурасы премьер-министр Беньямин Нетанияхуға қатысты төрт қылмыстық істі тексеріп жатыр. Екі іс бойынша ол пара алып, қоғамның сеніміне нұқсан келтірген деген күдік бар.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы