389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда мұнай саласының жалдамалы қызметкерлері табыс салығынан босатылды

  • 219
  • UPD: 11:41, 10.09.2019

Қазақстан Президенті халыққа арнаған жолдауында мемлекеттік емес салада салық қысымын азайтудың маңыздылығын атаған болатын.

Мұндай тәжірибені биыл Әзербайжан елі де ендіре бастады. Бұл елде жалақысы 8 мың манаттан кем мұнай саласының жалдамалы қызметкерлері 7 жылға табыс салығын төлеуден босатылды. Сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы жүйелі шаралар қабылданды. 

Әзербайжанның даму жолындағы басты кедергілердің бірі көлеңкелі экономика саналады. Оған қарсы үлкен мөлшерде айыппұл салумен қатар салық жеңілдіктер беру әдісімен де күресіп келеді. Биылғы жылдың басында үкімет шағын және микробизнес табысының 75 пайызын салықтан босатқан. Сондай-ақ кәсіпкерлер 7 жыл бойы жер салығы мен қосылған құн салығын төлемейді.

Рашад Гасанов, экономист:

– Бұл өзгерістердің оң әсері байқалып отыр. Жарты жылда мемлекеттік бюджетке 235 миллион доллар мөлшерінде қосымша қаржы аударылған. Салық министрлігінің мәліметінше, электрондық есеп-фактуралар саны көбейіп келеді.

Кәсіпкерлер табыс салықтары мен әлеуметтік төлемдер жағынан берілген жеңілдіктерді жақсы қабылдаған. Егер бұрын әлеуметтік төлемдер 36 пайыз құраса, қазір ол 25 пайызға дейін төмендетілді. Жалақысы 8 мың манаттан кем мұнай саласының жалдамалы қызметкерлері 7 жылға табыс салығынан төлеуден босатылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл кәсіпкерлерге тиімді болғандықтан, енді олар қызметкерлерінің нақты жалақысын жасырмайды.

Рашад Гасанов, экономист:

– Әлеуметтік төлемдердің азаюы кәсіпорындарда еңбек қатынастарының заңдастырылуына әкелді. Жылдың басынан бері 70 мыңнан астам жаңа еңбек келісімі жасалған.

Мамандар осы нәтижелер игі істің тек басы деп санайды. Жекеменшік сала осы салық жеңілдіктерін өз кәсібін кеңейтуге қолдануына әлі де уақыт керек. Экономиканы көлеңкеден шығарып, кәсіпті заңды әрі ашық жүргізу үшін осындай шаралар қажет екені анық.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы