389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея Жапония теңізіне екі зымыран ұшырды

  • 292
Солтүстік Корея Жапония теңізіне екі зымыран ұшырды Новые Известия

Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай тағы да екі зымыран ұшырды.

Бұл туралы Ренхап ақпарат агенттігі Оңтүстік Кореядағы Біріккен комитеттің штаб басшысына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Онда Солтүстік Корея Пхёнан-Намдо провинциясынан белгісіз үлгідегі екі зымыранды теңізге қарай іске қосқаны айтылған. Жапония билігі әзірге зымырандардың Жапон аймағына түскені жайлы ақпаратты растаған жоқ. Айта кетейік, тамыз айында Солтүстік Корея Жапония теңізіне 7 мәрте зымыран ұшырған болатын. Оңтүстік Кореяның айтуынша, Солтүстік Корея қуаты күшті зымырандарды бірнеше рет сынақтан өткізген. АҚШ билігі аймақтағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын мәлімдейді.

Хабар 24 телеарнасы