386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания парламенті премьер-министрдің ұсынысын тағы қабылдамады

  • 156
Ұлыбритания парламенті премьер-министрдің ұсынысын тағы қабылдамады Коммерсант

Ұлыбритания парламенті премьер-министр Борис Джонсонның кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдамады.

Естеріңізге салайық, таяуда қауымдар палатасы Біріккен корольдіктің келісімсіз Еуроодақтан шығуына тыйым салу жобасын бекіткеннен кейін Джонсон кезектен тыс сайлау өткізуді дауысқа салуды өтінді. Оның бұл өтініші парламентте жеткілікті дауыс жинай алмай, сәтсіздікпен аяқталған. Айта кетейік, Brexit төңірегіндегі жағдай тығырыққа тіреліп отыр. Ел парламенті мен Еуроодақ арасындағы келіссөздер әлі күнге дейін еш нәтиже бермесе де, Ұлыбритания үкіметі Брекситті 31 қазанда жүзеге асырмақ ниетте.

Хабар 24 телеарнасы