389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда 9 жасар баланы ұрлап, өлтірген күдіктіге сот үкім шығарды

  • 266
  • UPD: 12:13, 10.09.2019
Қытайда 9 жасар баланы ұрлап, өлтірген күдіктіге сот үкім шығарды life.ru

Қытайдың солтүстік-батысында Сиань соты Лин Юаньцзенге жазаның ең қатаң түрін тағайындады.

Оған кәмелет жасына толмаған баланы ұрлап, өлтірді деген айып тағылды.

Бұл туралы қытайдың China Daily газеті жазды.

Лин Юаньцзеге арам ойын іске асыруға көмектестен сыбайласы Чжао Юйхао бұдан былай қалған өмірін түрмеде өткізеді. Сот шешіміне сәйкес қылмыскерлердің дүние-мүлкі тәркіленіп, жапа шеккен отбасыға өтемақы төлеу міндеттелді.

Айта кетейік, 2018 жылдың мамырында Лин Юаньцзе көршінің 9 жасар баласын ұрлап әкетіп, оны босату үшін ата-анасынан ақша бопсалаған. Алайда, бала оның айтқандарын істемек түгілі қарсылық көрсеткен. Сол кезде Юаньцзе балақайды өлтіріп, денесін жасырып кеткен.

Қытай заңында адам ұрлағандарға 5 жылдан – өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал егер кепілдегі адамды қасақана өлтірсе қылмыскер өлім жазасына кесіледі.

Хабар 24 телеарнасы