387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея АҚШ-пен келіссөздерін жалғастырады

  • 157
Солтүстік Корея АҚШ-пен келіссөздерін жалғастырады

Солтүстік Корея осы айдың соңында АҚШ-пен ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздерді қайта жандандырмақ ниетте.

Бұл туралы Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Цой Сон Хи мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының ядролық қарусыздануға қатысты Ханоедегі келіссөзі тығырыққа тіреліп, ақыры нәтижесіз аяқталған болатын. Одан кейін Дональд Трамп Ким Чен Ынмен қос Кореяның шекарасында да кездескен еді. Айта кетейік, АҚШ пен БҰҰ Солтүстік Кореяға қарсы бірнеше санкция салған болатын.

Хабар 24 телеарнасы