387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадридте құпия болып келген зәулім сарай есігін айқара ашты

  • 156
  • UPD: 12:13, 11.09.2019
Мадридте құпия болып келген зәулім сарай есігін айқара ашты

Мадридтің құпия қазынасы саналатын Лирия сарайы енді көпшілікке қолжетімді болды.

Альба герцогтары мекен еткен сарайда көркем сурет, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, сирек кітаптар мен жазбалар сақталған. Оның ішінде Христофор Колумбтың хаттары мен «Дон Кихоттың» алғашқы басылымы бар екен. Енді 19 қыркүйектен бастап Испанияның атақты ақсүйектері тұрған жерде әр жарты сағат сайын экскурсия ұйымдастырылмақ. Бұған дейін көркем өнер жауһарларын көру үшін алдын ала 3 жыл бұрын жазылу керек болатын.

Хабар 24 телеарнасы