386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде әрбір 40 секунд сайын бір адам өзіне қол жұмсайды

  • 111
  • UPD: 12:07, 11.09.2019
Әлемде әрбір 40 секунд сайын бір адам өзіне қол жұмсайды

Әлемде 40 секунд сайын бір адам суицидтен көз жұмады. Мұндай мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялап отыр.

Ұйымның хабарлауынша, ғалам бойынша жыл сайын өз-өзіне қол жұмсап қаза табатындар саны соғыстан бақилық болатындардан да көп. Ресми дерек көрсеткендей, суицид табысы төмен елдерде көп тіркеледі. Ал қайғылы қазаға ұшырайтындардың басым бөлігі 45 жасқа дейінгілер болып шықты. Өз кезегінде дәулетті елдерде ерлердің  өз-өзіне қол жұмсауы әйелдерге қарағанда 3 есе көп екен. Бүгінде әлемнің 38 елінде аталған індет түрімен күресу жіті қолға алынған.

Хабар 24 телеарнасы