387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжің шетелдік инвестицияға қатысты бірқатар шектеуді алып тастаған

  • 126
  • UPD: 12:46, 11.09.2019
Бейжің шетелдік инвестицияға қатысты бірқатар шектеуді алып тастаған

Қытай елі ашық экономика мен нарық құруды одан әрі жетілдіруде. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Бейжің шетелдік инвестицияға қатысты бірқатар шектеуді алып тастаған.

Енді бұдан былай халықаралық қорларға Қытай акциялары мен облигацияларын сатып алу квоталарына рұқсат алудың қажеті жоқ. Блумбергтің мәліметінше, осылайша Қытай төл валютаның рөлін арттырып, қосымша шетелдік капитал тартпақ. Ал сарапшылардың пікірінше, мұны АҚШ-пен арадағы сауда соғысын реттеуге бағытталған қадам ретінде қарастыруға болады. Себебі американдық бизнесмендер бұрыннан бері инвестициялық шектеуді алып тастауды талап етіп келген еді.

Айта кетейік, Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда келіссөздерінің кезекті кезеңі қазан айында өтуі тиіс. Қытай елі өз экономикасы мен нарығының тынысын ашпақ.

Хабар 24 телеарнасы