Солтүстік Корея жаңа ірі калибрлі реактивті жүйесін сынақтан өткізді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оны мемлекеттік кеңес басшысы Ким Чен Ынның өзі қадағалаған.
Бұған дейін бұл ел Пхёнан-Намдо провинциясынан Жапония теңізіне қарай екі зымыран ұшырған болатын. Снарядтар шамамен 330 шақырымға дейін жеткен. Айта кетейік, Солтүстік Корея зымырандарды сынақтан өткізуін тоқтатпаса да АҚШ-пен ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздерді қайта жандандырмақ ниетте. Бұл туралы Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Цой Сон Хи мәлімдеді.