386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Голливуд фильмдеріндегі заттар аукционға шығарылады

  • 93
  • UPD: 14:11, 11.09.2019

Profiles in History бәссауда үйі әйгілі Голливуд фильмдерінде қолданылған заттарды сатылымға шығарады. Сатылым Лос-Анджелесте қыркүйек айының 25-26-сы күндері өтеді.

Негізгі лоттар қатарында «Жұлдызды соғыстар» фильміндегі Дарт Вейдер есімді кейіпкердің маскасы мен дулығасы және Гарри Поттердің көзілдірігі  бар. Бұдан бөлек «Титаниктің» түсірілімінде Кейт Уинслет пен Леонардо ди Каприо киген костюмдер мен «Оз елінің сиқыршысындағы» Доротидің киімі де сатылады. Топтама жалпы саны 940 лоттан тұрады. Осылайша бәссауда үйі   шамамен 10 миллион доллар пайда таппақшы.

Хабар 24 телеарнасы