387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулдағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды

  • 163
  • UPD: 15:10, 11.09.2019
Кабулдағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды

Ауғанстан астанасындағы АҚШ елшілігінің жанында жарылыс болды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.

Жарылысты қандай лаңкестік топ жүзеге асырғаны да белгісіз. Айта кетейік, президент Дональд Трамп өткен аптада «Талибан» радикалды қозғалысымен келіссөз тоқтатылғанын мәлімдеген. Оған қыркүйектің 5-і күні Кабулда болған теракт түрткі болды. Себебі шабуылдан 1 америкалық жауынгер мен оншақты адам қаза тапты. Осыдан кейін президент Трамп «келіссөз кезінде атысты тоқтата алмаған тәліптермен келісім еш нәтиже бермейді» деген еді.

Хабар 24 телеарнасы