387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия сенаты Д.Контенің үкіметін қолдады

  • 136
  • UPD: 15:28, 11.09.2019
Италия сенаты Д.Контенің үкіметін қолдады

Италия сенаты жаңа құрылымдалған Джузеппе Конте үкіметін қолдап дауыс берді.

Жаңа министрлер кабинетіне 321 сенатордың 169-ы сенім білдірсе 133-і қарсылық танытқан. Осылайша «5 жұлдыз» қозғалысы мен демократиялық партия бірлесіп құрған коалициялық үкімет бекітілді. Айта кетейік, Италияда өткен айда саяси дағдарыс болып, үкімет тарап кеткен еді. Оған «Лига» партиясы мен «5 жұлдыз» қозғалысының арасындағы қарама-қайшылық себеп болды. Өйткені «Лига» жетекшісі Маттео Сальвини «5 жұлдыз» қозғалысына сенімсіздік жариялап, саяси одақ бөлініп кеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы