389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта мешіттегі қыспақтан ондаған адам қаза тапты

  • 212
  • UPD: 07:50, 12.09.2019
Иракта мешіттегі қыспақтан ондаған адам қаза тапты trt.net

Ирактың Кербела қаласында Ашура күні мерекесі қазалы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті мешітке жиналған жұрт дүрлігіп, 31 адам ажал құшты. Қыспақ салдарынан тағы жүздеген азамат жарақат алған. Мешітте құлшылық етушілердің бірі сүрініп, адамдар бір-бірін мыжып-жанши бастады. Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы өте ауыр. Сондықтан қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.  

Хабар 24 телеарнасы