386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Cоғыс кезінде ұрланған картина АҚШ-тан Украинаға қайтарылады

  • 128
  • UPD: 10:00, 12.09.2019
Cоғыс кезінде ұрланған картина АҚШ-тан Украинаға қайтарылады

Михаил Паниннің «Иван Грозныйдың құпия сапары» атты картинасы АҚШ-тан Украинаға оралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетсек, аталған туынды 1941-1943 жылдары Днепрден жоғалып кеткен еді. Кейін ол АҚШ-тан табылған болатын. Картина иелері оны сатылымға шығармақ болыпты. Бірақ бәссауда үйі федералды тергеу бюросына жүгінген соң «Құпия сапар» ұрланған өнер туындылары базасында тұрғаны анықталған. Сөйтіп екі ел билігінің араласуымен аталған картина отанына оралатын болды.

Хабар 24 телеарнасы