389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия үкіметі мектептерді цифрландыруға 5 миллиард еуро бөледі

  • 199
  • UPD: 10:42, 12.09.2019
Германия үкіметі мектептерді цифрландыруға 5 миллиард еуро бөледі

Қаржы планшеттер мен компьютерлер сатып алып, ғаламторға қосылу үшін жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушылар мен мұғалімдерге арнайы дерекқор құрылады. Сол жерде ұстаздар жаңа әдістермен бөлісіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ал оқушылар тікелей эфир арқылы телекөпір ұйымдастырады. Мысалы, балаларға халықаралық зертханалардан физика мен химия пәнінен тәжірибелер көрсетілсе, астрономия сабағында обсерваториялардан жұлдыздарды зерттеуге мүмкіндік болады.

Карин Штренц, Бундестаг депутаты:

- Цифрландыру - бүкіл әлем үшін өзекті тақырып. Германияда білім беру саласы өте маңызды әрі басымдыққа ие бағыт. Мәселе жоғары оқу орындары ғана емес мектептерге де қатысты. Сондықтан осы жоба бойынша біз ең алдымен мектептерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етпекпіз. Бұл планшеттер, ноутбуктар, проекторлар. Біз сандық жүйе мен интернетсіз дами алмайтынымызды естен шығармауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы