385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Багам аралдарында «Дориан» дауылынан кейін 2500 адам жоғалып кетті

  • 114
  • UPD: 12:17, 12.09.2019
Багам аралдарында «Дориан» дауылынан кейін 2500 адам жоғалып кетті

Багам аралдарында «Дориан» дауылынан кейін 2,5 мың адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің өкілі Карл Смит мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл сан өсе түсуі мүмкін. Себебі, орталыққа келіп түсіп жатқан мәліметтер әлі толық тексеріліп бітпеген.

Еске сала кетейік, «Дориан» дауылы Багам аралдарына қыркүйектің бірінде соққан болатын. Табиғат апатынан 50-ден астам адам қаза тапты. Сағатына 300 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел 13 мыңнан астам үйді қиратып, көп елді мекенді су басты. Билік дауылдан келген шығын орасан зор деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы