389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада 21 қазан күні парламенттік сайлау өтеді

  • 283
  • UPD: 12:51, 12.09.2019
Канадада 21 қазан күні парламенттік сайлау өтеді

 Бұл туралы премьер-министр Джастин Трюдо халыққа жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысының айтуынша, Канада генерал-губернаторы Жюли Пейетт оның парламентті тарату туралы өтінішін қабыл алған.

Айта кетейік, Канадада парламенттік сайлау әр 4 жыл сайын өтеді. Биылғы саяси шара - ел тарихындағы 43-ші сайлау. Саяси партиялар төменгі палатаның 338 орны үшін күреседі. Әзірге сайлауға 6 партия тіркелген. Оның ішінде билеуші «Либералдық партия» бар. Бірақ сарапшылар «осы додада премьер-министр партиясының ықпалы әлсірейді» деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы