385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталониялықтар полициямен қақтығысты

  • 118
  • UPD: 07:21, 13.09.2019
Каталониялықтар полициямен қақтығысты Секреты Барселоны

Каталонияда халық шеруге шығып, полициямен қақтығысты.

«Мақсат – тәуелсіздік» деген ұранмен өткен наразылық шарасына 600 мың адам қатысты. Жұрт Барселонаның орталық алаңы мен аймақ парламентінің алдына жиналып, дербестікті талап етті. Кей адамдар полиция қоршауын бұзуға талпынып, тәртіпсіздіктер орын алды. Жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Айта кетейік, Каталонияда «Аймақтың ұлттық күні» 1714 жылы Барселонаны қоршаудан азат ету оқиғасына байланысты өткізіледі. Осы кезден бастап Каталония автономдығынан айырылған.

Хабар 24 телеарнасы