387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ пен Германия Израиль премьер-министрінің жоспарын сынға алды

  • 175
Еуроодақ пен Германия Израиль премьер-министрінің жоспарын сынға алды ИА Regnum

Еуроодақ пен Германия Израиль премьер-министрінің Иордан жазығын қосып алу туралы жоспарын сынға алды.

Ресми Брюссель Израильдің 1967 жылы соғыс кезінде жаулап алған жерлерін мойындамайтынын мәлімдеді. Германия бұл әрекет халықаралық құқықты бұзып, Таяу Шығыс мәселесін шешуге нұқсан келтіретінін жеткізді. Ал Түркия палестиналықтардың мүддесі мен құқықтарын қорғайтынын айтып отыр. Еске сала кетейік, кеше Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху егер «Ликуд» партиясы алдағы парламенттік сайлауда жеңіске жетсе, Иордан жазығы мен Өлі теңіздің солтүстік бөлігін елге қосып алатынын жариялады.

Хабар 24 телеарнасы