389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда су тасқынынан 2 адам қаза тапты

  • 240
  • UPD: 09:18, 13.09.2019
Испанияда су тасқынынан 2 адам қаза тапты Еспресо.TV

Испанияның оңтүстік-шығысындағы Мохенте қаласында нөсер жаңбыр соңы су тасқынына ұласты.

Қаланы су алып, көліктерді ағын су әкетіп жатыр. Аймақта көлік қатынасы үзілген. Жергілікті биліктің мәліметіне сай, 100 шақырым қашықтықта орналасқан Альбасете елді мекенінде 2 адам қаза тапты. Қазір Мохентеде қауіптің қызыл деңгейі жарияланған. Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері жауын-шашынның үш айлық мөлшері жауады. Айта кетсек, бұған дейін Испанияның Майорка аралында да толассыз жаңбырдан су тасқыны орын алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы