389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қос Кореяны біріктіру қажет пе: халық пікірі

  • 232
Қос Кореяны біріктіру қажет пе: халық пікірі ИноСМИ

Жалпы қос Кореяны біріктіру мүмкін бе? Оңтүстіккореялық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арнайы сауалнама жүргізіп, нәтижесін үкімет пен парламентке жіберді.

Халықтың пікірі әр түрлі. Сауалнаманы ұйымдастырушылар мұны Корея түбегінің оңтүстігі мен солтүстігінің тұрғындары жетпіс жылдан астам уақыт бойы бөлек саяси жүйеде өмір сүріп жатқандығымен байланыстырады. Тағы бір сұрақ: «Солтүстік Кореямен денуклеаризациядан кейін бірігу мүмкін бе, әлде алдымен біріктіріп, содан кейін ядролық қарусыздандыру қажет пе?». Респонденттердің көпшілігі біріккен Кореяның құрылуын бірнеше кезеңге бөліп, бірігу және ядролық қарусыздандыру процестерді бір уақытта жүргізу қажет деп жауап берді. Үкіметтік емес ұйымдар шетелде тұратын корейлер арасында да осындай сауалнама жүргізеді. Болашақта олар қазақстандық корейлердің көзқарастарын білуге иетті.

Ли Тэ Хо, Корея Республикасының азаматтық қоғам ұйымдары желісінің директоры:

– Қазан айында біз Солтүстік Кореяға гуманитарлық көмек көрсету туралы пікірталас өткізіп, үкіметтер арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайда көмекті тоқтата тұру немесе жалғастыру қажет пе, білуді жоспарлап отырмыз. Барлық деректер үкіметке және парламентке жіберіледі. Сауалнама деректері негізінде кейбір саяси шешім қабылданатын болады.

Хабар 24 телеарнасы