389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде мыңдаған шахтер ереуілге шықты

  • 179
Перуде мыңдаған шахтер ереуілге шықты IndustriALL Global Union

Перу астанасы Лимада мыңдаған шахтер ереуілге шықты.

Наразылық акция полициямен қақтығысқа ұласты. Ашуға бой бергендер үкіметтен жалақы мен сыйақы мөлшерін көтеруді талап етеді. Сонымен қатар еңбек құқығында да өзгертулер енгізуді сұрайды. Ереуілдеушілер қолдарындағы тудың сабымен тәртіп сақшыларына күш көрсеткен. Бұған жауап ретінде полиция қызметкерлері көз жасаурататын газ қолданған. Айта кетейік, кеншілерге елдің оппозиция өкілдері де қолдау көрсетіп, елде мерзімнен бұрын сайлау өткізуді талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы