389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті

  • 226
  • UPD: 16:55, 14.09.2019

Испанияның оңтүстігінде болған алапат су тасқыны құрбандарының саны бесеуге  жетті. Табиғат апатына байланысты аймақта екі әуежай жұмысын тоқтатты.

Теміржол қатынасы да тежеліп, автомагистральдерді су басқан. Синоптиктердің мәліметіне сай, бас-аяғы бір күнде өңірде 3 айдың жаңбыры жауған. Қазір ауа райы тұрақталғанымен қауіп сейілген жоқ. Жергілікті билік тұрғындарға үйде қалып, көлікке отырмауға кеңес беріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы