389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда табиғат қорғаушылар сәнгерлерді аңдардың терісін пайдаланбауға шақырды

  • 230
Лондонда табиғат қорғаушылар сәнгерлерді аңдардың терісін пайдаланбауға шақырды ru.tsn.ua

Лондонда табиғат қорғаушылар сән апталығы алдында наразылық шарасын өткізді.

Экологтар танымал компаниялар мен дизайнерлерді климаттың өзгеруіне көңіл бөліп, онымен күресуге шақырды. Ал жануарларды қорғаушылар сән саласының өкілдерін аңдардың терісін пайдалануды доғаруға үндеді. Белсенділер тері өңдеу өндірісінің табиғатқа тигізіп жатқан зиянын көрсету үшін үстеріне лай жағып алған. Сәнгерлер айтқанымызға құлақ аспаса, апталықтың шырқын бұзамыз, - дейді олар.

Хабар 24 телеарнасы