389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Toyota компаниясы күннен қуат алатын көлікті сынады

  • 238
  • UPD: 18:36, 14.09.2019
Toyota компаниясы күннен қуат алатын көлікті сынады ixbt.com

Toyota компаниясының инженерлері өте жұқа күн панельдерімен жабдықталған көлікті сынақтан өткізді.

Оған жерсеріктеріне арналған арнайы тақтайшалар пайдаланылған. Күннен қуат алатын панельдер электромобильдің алғы жағына, төбесіне және артқы терезесіне орналастырылған. Ол көліктің батареясын тоқсыз қуаттандыруға мүмкіндік береді. Темір тұлпар сол қуатпен күніне 56 шақырым жүре алады.

Ситоси Сизука, жоба инженері:

– Бұл күн панельдері ғарышта қолдану үшін жасалған. Бірақ біз оны жерде коммерциялық мақсатта пайдалануға күш салмақ ойдамыз. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы