389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясындағы мұнай өңдеу зауыттарына дрондармен шабуыл жасалды

  • 342
  • UPD: 21:47, 14.09.2019

Сауд Арабиясының «Арамко» мемлекеттік мұнай компаниясының өндіріс ошақтарына дрондармен шабуыл жасалып, салдарынан өрт шықты.

Оларды Йемендегі хуситтер жүзеге асырған деген болжам бар. Бүлікшілер Абкайка мен Хурайс қаласының маңындағы мұнай өңдеу зауыттарын нысанаға алған. Бірақ ақпарат құралдарының хабарлауынша, қастандық қара алтынның әлемдік бағасына еш әсер етпеген. Айта кетейік, бұл екі зауыт дүние жүзіндегі мұнай өңдейтін ең ірі өндіріс ошақтарының бірі болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы