389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда су басқан аймақтарда іздестіру жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды

  • 179
  • UPD: 08:30, 15.09.2019
Испанияда су басқан аймақтарда іздестіру жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды

Испанияда су басқан туристік аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апаты аудандарынан адамдар арнайы көлік және тікұшақтармен шығарылуда. Соңғы мәліметке қарағанда нөсер мен тасқыннан 5 адам қаза тапқан. Өңірлерде кей әуежайлар уақытша жұмысын тоқтатып, бірқатар темір және тасжолдар жабылған. Ал мамандардың айтуынша, табиғат апатына «Суық тамшы» деп аталатын полярлық ауа ағының әсері себеп. Арктикадан келген ау массасынан күн суыптып, жауын жауады.

Хабар 24 телеарнасы