389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдегі Камышевка ауылының тұрғындары шыбыннан құтыла алмай отыр

  • 187
  • UPD: 09:41, 15.09.2019
Ресейдегі Камышевка ауылының тұрғындары шыбыннан құтыла алмай отыр

Ресейдің Челябинск облысындағы Камышевка ауылының тұрғындары шыбындардан қатты зардап шегуде.

Адамдар «олардың көптігі соншалық әбден мазамыз қашты», - дейді. Тұғындар жәндіктерден құтылу үшін үйлеріне күніне 2-3 рет дәрі себеді. Бірақ одан азайып жатқан шыбын жоқ. «Мәселе көрші ауылдағы құс фермасының қалдықтарды далаға тастауынан», - дейді тұрғындар. Ферма басшылығы болса барлық стандартқа сай жұмыс істеп жатқанын алға тартады.

Марат Абдулвалеев, Камышевка ауылының тұрғыны:

- Ауылда шыбындардан бөлек жағымсыз иіс тұрғанына бірнеше жыл болды. Жазда ыстықта тіпті дем алу мүмкін емес. Агробірлестіктер орналасқан жерде неге мұндай экологиялық дағдарыс болатыны таң қалдырады. Құс фабрикасы болсын, доңыз өсіру кешені болсын, барлық жерде жағдай бірдей. Мәселе әлі шешімін таппай келеді.

Хабар 24 телеарнасы