389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тбилисиде әлемдегі тұңғыш рецептілер мұражайы ашылды

  • 177
  • UPD: 10:13, 15.09.2019
Тбилисиде әлемдегі тұңғыш рецептілер мұражайы ашылды

Әлемде алуан түрлі 100 мыңнан аса мұражай бар. Әсіресе, тағамдарға арналған музейлер көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Грузияда да осындай нысандар бар. Азия және Еуропа өркениеттері Грузияның қонақжайлылық дәстүріне елеулі әсер еткен. Бұл елде алғашқы гастрономиялық мұражай осыдан бір жыл бұрын ашылған. Ал жақында Тбилисиде әлемдегі тұңғыш рецептер мұражайы пайда болды.

Ерекше мұражай ашуды ұсынған Тбилиси тұрғыны Мака Кавтарадзе. Ол көп жылдар бойы гид болып жұмыс істеді, алыстан келген саяхатшылар грузиннің ұлттық тағамдарды жайлы жиі сұрап, дайындау барысымен танысуды жөн көреді екен.

Мака Кавтарадзе, рецептер мұражайының қалаушысы:

Грузия тағамдарын дұрыс дайындау үшін дәмдеуіштердің нақты үлесін білу қажет. Алғашында біз туристтер үшін дәмдеуіштер жиынтығын дайындап, орамасына тағамдар дайындау ретін жазып келдік. Сосын рецептер жинап, олардың тарихын зерттей бастадық. Қазір бізде 800-ден аса рецепт бар, арасында көне тағамдар және заманауи аспазшылар жаңғыртқан ас үлгісі кезігеді.

Музейге кіру мен бүкіл рецептер тегін. Мұнда Грузия тағамдары туралы кітаптар, ас дайындауға қажетті құралдар жиналған. Сондай-ақ, шеберлік сыныптары өтіп, одан кейін ұлттық мерекелік дастархан - супра жайылады.

Михеил Кукунеишвили, рецептер мұражайының аспазшысы:

- Дастархан басында отырғанда өмірімізге шүкіршілік айтып, қайтыс болған жақындарымызды еске аламыз, балаларға бата, достарымыз үшін дұға жасаймыз. Дастархан басында жақсы тілектер айтамыз. Әрине, бүкіл мерекені тамада өткізеді, ол ұлттық супраның басты рәміздерінің бірі.

Грузияның әр аймағында тағамдар ерекше. Оны дайындауға алуан түрлі рецепт бар. Енді ұлттық аспазшылық туралы бар аңыздар осы мұражайда сақталып отыр.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы