389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде IFA технологиялық көрмесі өтті

  • 174
  • UPD: 13:16, 15.09.2019
Берлинде IFA технологиялық көрмесі өтті

Онда 2 мыңға жуық өнім көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында 8K теледидарлары, «ақылды» құрылғылар мен көмекші-роботтар бар. Ал көрермендердің басты назарын иілгіш экраны бар бүктелетін телефон алған. Сарапшылардың айтуынша, көп ұзамай осындай смартфондар әлем нарығын жаулап алуы мүмкін. Сондай-ақ басты инновациялар қатарында, әрине, роботтар тұр. Мысалы егде жастағыларға арналған «ақылды» машина. Ол теледидарда арналарды ауыстырып, немереге SMS жаза алады. Қажет болғанда дәрігерге де телефон шала алады. Тағы бір аспазшы робот салат немесе стейк дайындап бере алады. Жалпы көрмеге 250 мыңдай адам келген.

Брайн Хармс, жоба менеджері:

- Біздің робот тамақ дайындауға көмектеседі. Бірақ әзірше білетін тағам түрлері көп емес. Біз оны кез келген рецепт түсінетіндей, тіпті ғаламторда өзі ізденетіндей дәрежеге дейін жетілдіруді көздеп отырмыз. Мысалы бүгін аспазшы көкөністі кесіп жатқанда ол тұздықты араластырған. Ол – керемет көмекші. Келешекте қазақ тағамдарын да дайындай алады деп ойлаймын.

Михаэль Биндер көрермен:

- Бұл көрмеге алғаш рет келуім. Өте үлкен екен. Мағын ең ұнағаны – смарт теледидарлар және заманауи смартфондар. Өзім үшін сымсыз қуаттайтын қондырғы таптым. Бұл өте ыңғайлы. Сондай-ақ мені «ақылды» үйлерге арналған құрал-жабдықтар таңқалдырды.

Хабар 24 телеарнасы