389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия Жерорта теңізінде құтқарылған 82 мигранттың ел аумағына кіруіне рұқсат берді

  • 184
  • UPD: 14:43, 15.09.2019
Италия Жерорта теңізінде құтқарылған 82 мигранттың ел аумағына кіруіне рұқсат берді

Италияда жаңа үкімет Жерорта теңізінде құтқарылған 82 мигрантты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рим олардың ел аумағына кіруіне ресми түрде рұқсат берді. Белсенділер шешім елдің миграциялық саясатын өзгертуде маңызды қадам болуы мүмкін деп отыр. Ал бұл мигранттарды үкіметтік емес ұйымдардың кемелері Ливияға таяу жерде осы аптаның бас кезінде құтқарған. Осыдан кейін Еуропаның 5 елі оларды бөліп алатын болып келіскен. Олардың арасында Франция, Германия, Португалия және Люксембург бар. Ал Италияда құтқарылған әр оныншы келімсек қалады.

Хабар 24 телеарнасы