389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кубада бензин тапшылығынан тұрғындар кезекте тұр

  • 206
  • UPD: 20:28, 15.09.2019

АҚШ салған санкциялардың кесірінен Кубада жанармай тапшылығы туындады. Жанармай бекеттері мен автобус аялдамаларында ұзын сонар кезек қалыптасқан.

Жол бойынан қоғамдық көлікті де сирек кездестіресіз. Отынның жоқтығы сырттан тасымалданатын кейбір азық-түліктің тапшылығына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты билік халықты төзімділік танытуға шақырып отыр. Ресми Гавана Кеңес Одағы құлаған 1991 жылдардағы дағдарыстың қайталануына жол бермейміз деп отыр. 

Алехандро Хиль, Кубаның экономика министрі:

- Қазан айында жанармай тапшылығы жойылады. Ал қалған тауарлардың жетіспеушілік мәселесін келесі жылға дейін шешеміз деген ойдамыз. Әрине барлығы 15-20 күннің ішінде  қалпына келеді деп айта алмаймын бірақ елде 1991 жылғы дағдарыс қайталанбайды.

Хабар 24 телеарнасы