389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоқандтағы қолөнер фестивалінде қарақалпақ шеберлерінің де туындылары қойылды

  • 243
  • UPD: 20:52, 15.09.2019

Қоқандта халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің бірінші халықаралық фестивалі өтті. Оған әлемнің 78 елінен 370-тен астам шебер қатысты. Көрмеде қайталанбас қолөнер мен халықтық және заманауи сәндік бұйымдар қойылды.

Шеберлер көрмені тамашалап келген жұртқа ұсталық өнердің қыр-сырын көрсетті. Фестиваль аясында жастарға белгілі суретшілер мен дизайнерлер шеберлік сабақтарын өткізді.

ЮНЕСКО қолдау білдірген фестивальде Өзбекстандағы 12 облыспен қатар Қарақалпақстан автономиялық Республикасының және әлемнің түпкір-түпкірнен келген қолөнер шеберлердің мыңдаған туындысын көрерменге паш етті. Халықаралық шараның ашылуына арнайы қатысқан Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёев «Халықтық қолөнер ұлттық мәдениетінің ажырамыс бөлігі және өркенниеттің бастауы», деп атап өтті.  Екі мың жылдық тарихы бар көне қаланың орталық саябағына темірден түйілген түйін, теріден иленген бұйым және ағаштан шабылған заттар мен жібектен жасалған қағаз қойылды. Маргиланның атласы, Риштан керамикасы мен қыш құмыралар, жібек маталар еріксіз көздің жауын алады. 

Даврон Ташев, шебер:

- Бұқарада 9-ғасырларда жібек қағазын жасай бастаған. Дәл осы қағаз бетіне каллиграфия мен миниатюралық кескіндеме түсірген. Бұл кітап графикасы деп аталған. Көне кітаптар  дәл сол жібек қағаздан жасалған. Шеберлер қағазға коллиграфия мен түрлі кескіндеме салған. Жібек қағаздан жасалған кітаптар бірнеше мыңдаған жыл  мұрты бұзылмай сақталған. 

Жалпы Өзбекстанның өзінде қолөнер жасалу ерекшелігіне қарай қоқандтық, бұқаралық, самарқандық деп, бірнеше аймаққа бөлінеді. Тіпті бір-бірінің киім үлгісіне қарап ажыратқан. Бұдан тоқыма мен зергерліктің ерекше дамығанын көруге болады.Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға Қазақстандық қолөнер шеберлері де қатысты. Соның бірі Бекдайыр әлетті. Қолының қиюы бар Қоңыр ұста отбасымен ұлттық өнерге ден қойған. Өзі зергерлік жасаса ұлы тері илейді, әйелі мен қыздары тоқыма мен жүннен заманауи стилде киімдер басады екен.

Қоңыр Бекдайыр, шебер:

- Жанұямызбен қолөнер шеберлігімен айналысамыз. Оның ішінде мынау теріден жасау зергерлік жұмыстар, күмістен, жүннен жасау жұмыстарымен кең көлемде айналысамыз.Келгендегі мақсатымыз халықаралық деңгейдегі шеберлермен араласып, Солардың деңгейін көріп  өзіміздің деңгейімізді салыстырып, Өзіміздің жаңа туындылар жасауға ізденіспен келіп отырмыз. 

Жәрмеңкеде көпшілік ұлттық қолөнермен қатар  қазіргі заманғы өнер мен театр синтезін көруге мүмкіндік алды. Фестиваль аясында Қоқанға әлем қолөнер шеберлерінің қаласы деген татус берілді. Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі бұндай жиынды екі жылда бір рет өткізіп тұруды ұсынды. Осылайша атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан қайталанбас ұлттық өнер дәріптелді.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Тимур Исмаилов

Хабар 24 телеарнасы