389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ереуілшілер қайтадан көшеге шықты

  • 210
  • UPD: 22:08, 15.09.2019
Гонконгте ереуілшілер қайтадан көшеге шықты

Гонконгте биліктің тыйым салғанына қарамастан наразылық шерулері жалғасуда. Бүгін көшелерге тағы мыңдаған адам шықты.

Акцияға қатысушылар қаланың орталық ауданымен жүріп өтіп, қоғамдық көлік қозғалысын бөгеді. Тағы жүздеген белсенді Гонконгтегі Ұлыбритания елшілігінің алдында жиналып, Біріккен Корольдіктен көмек сұрады. Наразы жұрт Гонконг Британияның боданында болған кезде жақсырақ дамығанын алға тартты. Айтуларынша Бейжің Лондонмен бекіген келісімге қарамастан Гонконг халқының азаматтық және саяси құқықтарын шектеуге күш салып келеді.

Айвен Мак, шеруші:

- Қытай-британ декларациясында Гонконгте сөз бостандығы, жиын өткізу, шеру ұйымдастыру сынды адамның негізгі құқықтары шектелмейді деп жарияланған. Бірақ біз бұл баптардың жиі бұзылып жатқанын байқап отырмыз. Ұлыбритания құжатқа қол қойған тараптың бірі болғандықтан Гонконг халқын қорғауға заңды және моральдік тұрғыдан құқысы бар деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы