389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда су тасқынынан қаза тапқандардың саны артты

  • 233
Испанияда су тасқынынан қаза тапқандардың саны артты Euronews

Испанияның оңтүстік-шығысындағы су тасқынынан қаза тапқандардың саны 6-ға жетті.

3 жарым мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Табиғат апаты жайлаған аудандарды премьер-министр Педро Санчес аралап шығып, қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты. Жапа шеккендерге мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, Испанияның оңтүстік-шығысында бірнеше күн  жаңбыр толассыз жауып, оның соңы су тасқынына ұласты. 2 күннің ішінде бір айлық жауын жауған. Табиғат апатынан әуежайлар жабылып, темір және тасжолдар бүлінген. Қазір тасқын судың беті қайтып, мамандар қалпына келтіру жұмыстарына кіріскен.

Хабар 24 телеарнасы