389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда болашақ спорт жұлдыздары мен чемпиондар бастауыш сыныптан анықталады

  • 254
  • UPD: 17:09, 16.09.2019

Түрік елінің болашақ спорт жұлдыздары мен чемпиондары бастауыш сыныптан анықталады.

Бүгін елдің спорт жобасы аясында 1 миллионнан астам оқушы сынақтан өтіп, 146 мыңы 18 ай бойынша түрлі спорт түрінен тереңдетілген білім алуға жолдама алды. 1 жарым жылдық курс аяқталғаннан кейін жас спортшылардың 4 мыңы анықталып, елдің Олимпиадалық резерв құрамына енгізіледі. Басты мақсат – жастарды спортқа баулу. Сондай-ақ соңғы жылдарда әлемдік олимпиадаларда түскен дәрежені көтеру. Жалпы туыстас елде мектеп және жоғарғы оқу орындарында спорттық кешендер тапшы. Бұған жылда артып отырған елдің демографиялық жағдайы себеп. Айта кеткен жөн, бауырлас жұртта топтық спорттар дамыған. Осы себепті ата-аналар балаларын «Галата-сарай», «Фенер-бахче», «Бешикташ» сынды спорт клубтарына беруге тырысады.

Фатих Шахин, ата-ана:

– Спорт тек қана жарыстарда емес, өмірдің барлық кезеңінде қажетті. Алайда кейде мектеп қабырғаларындағы мүмкіндік жетпей жатады. Сондықтан балаларыммен қоғамдық жерлердегі кешендерде спортпен шұғылдануға тырысамыз.

Эфе Герай, оқушы:

– Жекеменшік мектепте оқимын. Бізде барлық спорт түрлерінен машықтануға мүмкіндік бар. Сондай-ақ кәсіби мамандарымыз да бар. Мұның барлық оқу орындарында да болғанын қалаймын. Ұлттық спортшыларымыздың санын арттыруымыз қажет.

Авторлары: Меруерт Қанағат, Гөкальп Йамен

Хабар 24 телеарнасы