389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода кит аулайтын кеме суға батып, 34 адам хабар-ошарсыз кетті

  • 186
  • UPD: 23:12, 16.09.2019
Конгода кит аулайтын кеме суға батып, 34 адам хабар-ошарсыз кетті bbc.com

Конгода кит аулайтын кеме суға батып, кем дегенде 34 адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«Полицияның мәлімдеуінше, суға батқан кит аулайтын кемеден 76 жолаушы құтқарылған. Түбі жазыңқы кеме өзен-көлдерде адамдарды тасымалдауға пайдаланылған. Ол Мей Ндомбе провинциясынан Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасаға барар жолда апатқа ұшырады», - делінген хабарламада.

Апат себептері әзірге белгісіз. Бірақ жолаушылардың құтқару желет кигеніне сенім жоқ. Оның үстіне олардың көпшілігі жүзе де алмайды.

Хабар 24 телеарнасы