389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Академик Ломоносов» қалқымалы атом электр станциясы тұрақты жеріне оралды

  • 226
  • UPD: 10:31, 17.09.2019

Әлемдегі алғашқы қалқымалы атом электр станциясы саналатын «Академик Ломоносов» Ресейдің Певек қаласындағы тұрақты орнына жетті.

Ол осы шаһардағы ескірген ядролық реактор мен энергетикалық станцияның орнын басады. Еске салсақ, жылжымалы станция 23 тамызда Мурманск қаласынан аттандырылған болатын. Ол шамамен 5 шақырым қашықтықты жүзіп өтті. Мамандардың есебі бойынша жылжымалы 100 мың тұрғыны бар қаланы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Құрылысына 10 жыл уақыт кеткен кешен 2 реактормен жабдықталған. Ол шалғайдағы аудандарға электр қуаты мен жылу беріп қана қоймай, мұнай-газ қондырғыларын қажетті энергиямен қамтамасыз етеді. Жоспар бойынша нысан жыл сайын соңына дейін іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы