389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


General Motors жұмыскерлері жалақыны көтеруді талап етіп отыр

  • 173
  • UPD: 08:54, 17.09.2019
General Motors жұмыскерлері жалақыны көтеруді талап етіп отыр

General Motors компаниясының жұмысшылары жалпыұлттық ереуіл жариялады. Ол автокөлік саласындағы кәсіподақ үшін ең ірі ереуіл болып отыр.

Жұмысқа 49 мыңнан астам адам шықпай қойған. Соның салдарынан 9 штатта орналасқан 33 өндіріс орны уақытша жабылды. Бұған қоса компанияның 22 үйлестіру қоймасы жұмысын тоқтатқан. Даудың басы АҚШ аумағындағы 4 зауыттың жабылуынан шыққан. Мұнымен қатар наразы жұрт жалақының көтерілуін де талап етті.

Хабар 24 телеарнасы