389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путин Сауд Арабиясына қорғаныс жүйесін сатып алуды ұсынды

  • 227
  • UPD: 17:06, 17.09.2019

Сауд Арабиясындағы мұнай зауыттарына жасалған шабуыл төңірегіндегі дау басылар емес. Бұл жолы АҚШ Президенті Дональд Трамптың өзі Иранға тікелей айып тақты.

Вашингтон осылайша әлемді Тегераннан қорғаймыз дейді. Ал Түркияға Сирия мәселесі бойынша іссапармен барған Ресей Президенті Владимир Путин Эр-Риядқа қорғаныс жүйесін сату арқылы өз көмегін ұсынғысы келетінін айтты. Ол Сауд Арабиясына американдық емес, керісінше ресейлік С-300 немес С-400 зениттік-зымыран жүйесін алу керек деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы