389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда африкалық шошқа обасы тіркелді

  • 211
  • UPD: 14:38, 17.09.2019
Кореяда африкалық шошқа обасы тіркелді

Оңтүстік Кореяның Пхаджу қаласында африкалық шошқа обасынан үй жануарлары қырылып жатыр.

Шекарамен шектескен өңірдегі фермаларда бірден бес шошқаның өлексесі табылды. Енді тіркелген қауіпті індет салдарынан көршілес үш шаруа қожалығындағы 4 мың шошқаның көзін құрту қажеттігі туындады. Билік өкілдері жануарларды тасымалдауға, союға карантин қойды. Оңтүстік Кореядағы індет жауаптылардың айтуынша, Солтүстік Корея жақтан келуі мүмкін. Өйткені көршілес ел мамыр айында елде африкалық шошқа обасының анықталғанын мәлімдеп еді. Бұл инфекция тез тарайды және жануарлар үшін өте қауіпті болып келеді. Бүгінгі таңда африкандық шошқа обасына қарсы екпе жоқ. Мамандар ол адамдар үшін қауіпсіз дейді.

Хабар 24 телеарнасы